Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының штаб пәтерінде Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кездесулерінің жеребесі тартылды. Жеребені жүргізуге ұлттық құрама бапкері Станимир Стоилов көмектесті.

Жеребе қортындысында қазіргі кубок иегері «Қайрат» павлодарлық «Ертіспен» кездеседі.

Екінші жартылай финалдық жұпта «Шахтер» мен «Атырау» жолығады.

Алғашқы ойын 14-ші маусымда өтсе, қарымта кездесулер 27-ші маусымға жоспарланған.