Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 11-ші турдың үздік голын таңдада, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Өткен турда барлығы он төрт гол соғылған еді.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жүргізілген сауалнамада «Қайрат» ойыншысы Бауыржан Исламханның «Шахтер» қақпасына соққан голы ең үздік теп танылды.

Дауыс берушілердің 28 пайызы алматылық команда ойыншысының голын таңдаған.

Екінші орында «Ертіс» ойыншысы Милош Стаменковичтің голы.

Ал үздік үштік қатарына Бауыржан Тұрысбектің «Ордабасы» қақпасына соққан голы енді.