Бүгін атақты зілтемірші Илья Ильиннің туған күні. Даңқты спортшы 30 жасқа толып жатыр, деп жазады prosports.kz сайты.

Осы атаулы күнде спортшы өзінің Instagram парақшасында жазба қалтырып, өзіне қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне, ата-анасына және елбасыға алғыс айтты.

- Бүгін 30-ға толдым! Шынымды айтсам, 30 жасқа аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Әрине ойға алған барлық арманымды іске асырған жоқпын, алайда мен үлкен өмірге қадам бастым. Бапкерім маған дамуың бойынша жасың 18-де секілді дейді. Кей кездері менің жасым шынымен де 18-де болып кетеді, бірақ кей кездері өзімді 45-те сезінемін, - деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.