Болгария ауыр атлетика федерациясы спортшылардың антидопингілік ережені бұзғаны үшін қойылған 250 мың доллар айыппұлды төлеу үшін жанкүйерлерден көмек сұрады.

«2018 жылдың 18 маусымынан кейін болгариялық зілтеміршілер барлық халықаралық жарыстардан шеттетіледі», - деп жазылған федерация хабарламасында.

Осылайша, федерация екі айдан аз уақыт ішінде жанкүйерлерден 250 мың доллар жинап беруді сұрап отыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың наурызында Болгарияның 11 атлеті допинг-сынамадан өте алмай, сайыстардан шеттетілген болатын.