Халықаралық Олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында әр елден ауыр атлетикадан қатысатын спортшылардың санын азайтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұған дейін Олимпиадаға ерлерге алты, ал әйелдерге төрт жолдама берілетін. Ендігі гендерлік теңдік саясатымен ерлер құрамасынан екі квотаны алып тастады. Осылайша, әр ел төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға ауыр атлетикадан сегіз спортшысын ғана қатыстыра алады.