Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық беделді телеарна ESPN-нің әлемдегі ең үздік 100 спортшы енген тізімінде 61-орынға жайғасты.

Тізімде Головкин белгілі футболшылар бразилиялық Дани Алвеш пен испаниялық Сеск Фабрегастың арасына (тиісінше 60, 62- орындар) жайғасқан.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы тізімде Мэнни Пакьяо (63-орын) мен Владимир Кличкодан (74-орын) озып кетті.

Айта кетсек, аталған тізімге әртүрлі спорт түрі бойынша спортшылар енген. Көш басында «Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы Криштиано Роналду тұр.