Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Өмірбай Сақұлы еске алуға арналған оқушылар арасында бокстан халықаралық турнир өтті.

Сайысқа 28-60 кг салмақ аралығында Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 184 спортшы қатысты. Финалға тек қазақстандық боксшылар ы өтті. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлері барлығы 17 салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болды.

Ақнұр Өмірбай, турнирдің қатысушысы: - Мен сегіз рет сайысқа қатысып, оның бесеуін жеңдім. Атамды еске алуға арналған осы турнирде күшімді сынап көруді шештім. Бұл қиын болды, қарсыластар өте күшті болды, бірақ мен бәрін жеңе алдым.