Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалындағы «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы қарымта кездесуге қатысатын жұптар анықталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

52 келі Сәкен Байбосынов (1-1) - Уилл Коули (2-1) 60 келі Закир Сафиуллин (10-6) - Калум Френч (4-0) 69 келі Асланбек Шымбергенов (11-3) - Карл Фэйл (1-0) 81 келі Бек Нұрмағанбет (1-0) - Джозеф Уорд (8-1) +91 келі Қамшыбек Қонқабаев (3-1) - Соломон Дакрес (1-0)

Естеріңізге сала кетейік, Шеффилд қаласында өткен алғашқы кездесуде «Астана Арландары» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді қарымта айқас 26 мамырда Атырауда өтеді.