Youtube-тегі Boxing Physique арнасы мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазіргі дене бітіміне талдау жасады.

"Канело" "сиыр етінен" бас тартып, VADA-ға допинг-сынама тапсырып жатыр. Оның бұрынғы дене бітімін қазіргісімен салыстыра қарап, едәуір айырмашылықты байқап отырған боларсыздар? Оның бұлшықеттері жоғалып кетті – өзгеріс көзге айқын көрініп тұр. Бұл маусымаралық немесе қандай да бір өзгерістермен байланысты ма?", — деп сұрақ тастаған арна.