«Челси» «Бавария» шабуылшы Роберт Левандовскиге 100 млн фунт (114 млн еуро) төлеуге дайын, деп хабарлайды The Telegraph порталы.

Бұрын айтылғандай, польшалық форвардтың басты мақсаты - жазғы уақытта ағылшын клубына ауысу болған. Сонымен қатар, шабуылшыға «ПСЖ» да қызығушылық танытуда. Ал «Реал» оны сатып алудан бас тартқан болатын.

29 жастағы ойыншы Бундеслигада 30 матч өткізіп, 29 гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Егер мәміле іске асып жатса, онда Левандовски ағылшын футбол тарихындағы ең қымат трансфер болмақшы.

Бұған дейінгі ең қымбат футболшы - «Манчестер Юнайтедке» 105 млн-ға сатылған Пол Погба болатын.