ФИФА төрешісінің көмекшісі қостанайлық Елена Алистратова 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңінің матчтарында төрелік етті, деп хабарлайды Қазақстан Кәсіпқой Футбол Лигасы сайты.

Турнир 9-21 мамыр аралығында Литвада өтті. Қазақстандық төреші Польша U-17 – Англия U-17 (2:2), Германия U-17 – Голландия U-17 (2:2), Англия U-17 – Италия U-17 (4:0) кездесулерінде қызмет атқарды.

Испания құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Олар финалда Германияны 2:0 есебімен ұтты.