Промоутер Том Леффлердің айтуынша, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы екеу емес, үш жекпе-жек өткізуі мүмкін.

2016 және 2017 жылдары Головкин екі жекпе-жектен өткізді. Биыл ол әзірге бір рет шаршы алаңға шықты, қазақстандық боксшы 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны белгілі.

Головкиннің келесі қарсыласы — Cауль "Канело" Альварес. Қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.

"Бәрі келесі жекпе-жектің нәтижесіне байланысты болады. Барлығы жақсы болса, Геннадий биылғы жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығуды көздеп отыр", — деп жауап берді Леффлер.