Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Boxrec.com сайты.

Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жегінде мексикалық нокаутер Роландо Парадэспен (13-6-2, 10КО) қолғап түйістіреді. 26 мамыр күні Канада елінде өтетін Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасатын отандасымыз 6 раундтық кездесу өткізеді. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, бұл Нұрзаттың шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен жеңген болатын. Сондай-ақ бұл кеште сынға түскен Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді