«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Криштиану Роналдудың Чемпиондар лигасы финалының алдында қандай қалыпта екенін айтты.

Испания чемпионатының 36-турында «Барселонаға» қарсы ойында Роналду жарақат алған болатын.

«Қазір ол 120%-ға дайын. Бұл мен үшін тамаша жаңалық.

Әрине, бапкерлік мансапты Чемпиондар лигасының финалына үш рет шығумен бастау – ғажап. Ең маңызды финал – былтырғы жылғы ойын емес, биылғы «Ливерпульмен» матч. Жеңіске жету үшін бар күшімізді салуымыз керек», - деді Зидан.

Чемпиондар лигасының финалы 26 мамырда Киевте өтеді.