Мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманн өзіне баға берді.

«Атлетикомен», Диего Симеонемен және әріптестеріммен бірге жүлде алуды армандайтынмын. Симеонеден көп нәрсе үйрендім және соның арқасында үздік ойыншы атандым. Мен әлемдегі үздік ойыншылардың үштігіне кіремін», - деді Гризманн.

Айта кетейік, «Атлетико» осы аптада Еуропа лигасын жеңіп алған болатын.