Орталық стадион директорының міндетін атқарушы Мақсат Байшуақов сертификацияның бір талабын орындамау себепті «Ақтөбенің» өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізуге салынуы мүмкін санция туралы пікір білдірді.

- Стадион әкімшілігі қазіргі уақытта аренаның техникалық ахуалына қорытынды жасау үшін тәуелсіз техникалық сараптаманы шақырды. Дәл қазір олар тиісті жұмысты атқаруда. Үш күн ішінде сараптама өз жұмысының қорытындысын шығаратын болады. Жақсы шешім шығатындығына сенімдімін. 27 мамыр күні барлық жанкүйерлерді Орталық стадионда күтеміз, - деді Мақсат Байшуақов «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, 2018 жылдың 16 мамыры күні Сертификация комиссисының кезекті отырысы өтті. Онда «Орталық» (Ақтөбе), «Мұнайшы» (Атырау) және «Орталық» (Тараз) стадиондарында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастыратын барлық жарыстарда «Матчты жанкүйерлерсіз өткізу» санкциясы қолдану шешімі қабылданды.