Орталық стадион директорының міндетін атқарушы Мақсат Байшуақов сертификацияның бір талабын орындамау себепті «Ақтөбенің» өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізуге салынуы мүмкін санкция туралы пікір білдірді. -Стадион әкімшілігі қазіргі уақытта аренаның техникалық ахуалына қорытынды жасау үшін тәуелсіз техникалық сараптаманы шақырды. Дәл қазір олар тиісті жұмысты атқаруда. Үш күн ішінде сараптама өз жұмысының қорытындысын шығаратын болады. Жақсы шешім шығатындығына сенімдімін. 27 мамыр күні барлық жанкүйерлерді Орталық стадионда күтеміз. «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.