Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың оныншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Марсель Исламкулов, «Қайсар».

Сол жақ қорғаушы: Матео Мужек, «Шахтер».Орталық қорғаушылар: Сергей Малый, «Астана»; Лаша Касрадзе, «Жетісу».Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана».Орталық жартылай қорғаушы: Саша Марьянович, «Ақтөбе».Сол жақ жартылай қорғаушы: Руслан Валиуллин, «Ақтөбе».Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Рейнальдо, «Ақтөбе».Оң жақ жартылай қорғаушы: Камо Оганесян, «Жетісу».Шабуылшы: Милан Бойович, «Жетісу»; Маркос Пиззелли «Ақтөбе».