Астанада Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018 жылғы маусымның екінші трансферлік тіркеу кезеңінің мерзімі 4 және 31 шілде аралығына бекітілді.

- Қазақстан футбол федерациясының Тұрақты және Арнайы комитеттері құрылды. Әр комитеттің төрағалары тағайындалды.

Тұрақты комитеттер:

Ұлттық құрамалар комитеті

Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы – төраға

Балалар мен жасөспірімдер футболы комитеті

Қаниев Берік Сералыұлы - төраға

Әйелдер футболының комитеті

Әдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы - төраға

Футзал және жағажай футболының комитеті

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы - төраға

Бұқаралық футбол комитеті

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы -төраға

Ардагерлер футболының комитеті

Чирков Михаил Владимирович - төраға

БАҚ-пен жұмыс комитеті

Абаев Дәурен Әскербекұлы - төраға

Халықаралық байланыс комитеті

Боранбаев Қайрат Советайұлы – төраға

Төрешілер комитеті

Байшақов Сейілда Икрамұлы – төраға

Арнайы комитет

Әділетті ойын қағидаларын сақтауды бақылау комитеті

Кәлетаев Дархан Аманұлы – төраға.