Шымкент тумасы Дмитрий Панарин бадмитоннан 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңін сәтті аяқтады.

«Бір жылға созылған цикл қорытындылары бойынша спортшы 11600 ұпай жинап, Олимпиадаға жолдама беретін 10-орынды иеленді», - деп мәлімдеді Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт басқармасы.

Д. Панарин енді биыл 6-18 қазан күндері Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.