Қазақстан құрамасының мүшелері Ганноверде оқ атудан өткен халықаралық турнирде 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы SPORTINFORM жазды.

Стандартты оқ атуда (25 м) Владимир Исаченко, Сергей Вохмянин, Никита Чирюкин командалық жаттығуларда озып шықты.

Әйелдер арасында винтовкадан оқ ату (50 м) жарысында алтын медальды Александра Малиновская жеңіп алды.

Пневматикалық тапаншадан оқ ату жарысында (10 м) құрамында Владимира Исаченко, Дмитрий Субоч, Рашид Юнусметов сынды мергендері бар Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады.