Катарда 2022 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында ресми фан-зоналарда спиртті ішімдік ішпейтін жанкүйерлерге арналған аумақтар бөлінеді. Бұл жайлы ұйымдастыру комитетінің ресми өкілі Халид әл-Нама мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

2022 жылғы мундиаль 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін Доха, Лусайла, Әл-Варка, Әл-Хор, Әл-Рәйян, Умм-Сәләл, Мәдинат-әш-Шәмәл қалаларында өтеді.

«Жанкүйерлерге арналған фан-зоналар екі типке бөлінеді. Оның бірі спиртті ішімдік ішпейтіндерге арналады, ал екіншісінде алкоголь сатуға рұқсат етіледі», - дейді әл-Нама