Аралас жекпе-жек спортшысы қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов қашқын Мұхтар Әблязовке инстаграм парақшасында үндеу жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Еуропада отырып алып, халықты өшіктіргенің жетер енді. Сен анда, халық мұнда. Көшеге шығып жатқандар да, ұсталып қалғандар да – отбасын асырау үшін жалақыға еңбек етіп жүрген қарапайым халық. Сен соншалық ақылды болсаң, тығылғанды қойып, елге орал, қиындық көріп жатқандармен бірге бол", —дейді Хамитов.