UFC жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов «Реал Мадрид» шабуылшысы Криштиану Роналдудан алдағы жекпе-жекте секундант болуын өтінуі мүмкін, деп хабарлайды sport-express.com сайты.

«Мен Роналдудан маған көмекші болуды сұраймын», - дейді Нурмагомедов. - Маусымнан тыс кезеңде неге болмасқа?!

29-жастағы Нурмагомедов сәуірдің басында Нью-Йорктегі американдық Эль Яквинтаны жеңіп, UFC чемпионы атанған болатын. Жалпы алғанда, спортшы ММА-де 26 рет жеңіске жетті.