9-10 қараша күндерi Қарағандыдағы “Жастар” спорт кешенiнде таеквондодан Ауған соғысы ардагерлерiн еске алуға арналған республикалық турнир өтедi.

Үш жас ерекшелiгi бойынша жүлде сарапқа салынатын турнирге тек елiмiздiң таеквондашылары ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елiнен де қатыспақ. Сайыстың жүлдесi үшiн жекпе-жекке шығатын спортшылардың арасында әлем чемпионы деген атаққа ие таеквондошылар да бар, деп жазады Жас Алаш газеті.