Қазақстандық Аида Сатыбалдинова (2-0-1) титулды жекпе-жектен не күтетінін айтты.

«Жекпе-жек алдындағы соңғы жаттығу. Мен әдеттегідей 100 пайызға дайынмын. Әр қадам сайын өз мақсатыма жақындап келемін! Алғашқы чемпиондық белбеуімді киюге дайынмын. Сол үшін бар күшімді саламын», - деді Сатыбалдинова.

Айта кетейік, 11 мамырда қазақстандық боксшы WBF чемпионы титулына таласады. Кездесу Мексикада өтеді, 8 раундқа жоспарланған. Оның қарсыласы әзірше белгісіз.