Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (13-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін 22 маусымда америкалық Детройтта өткізеді.

Бахтиярдың қарсыласы жергілікті боксшы Николас Гивхэн (21-1-1, 11 КО) болмақ.

Айта кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегінде америкалық Кларесса Шилдс пен костарикалық Ханна Габриэльс жұдырықтасады.