Атырауда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ауған соғысы ардагерлері арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды.

Шараны ауған соғысы ардагерлерін қолдау қоры өткізді. Өткен жылдың аяғында құрылған қор күні бүгінге дейін 8 ауғандық ардагерге нақты көмек көрсеткен. Қорды құрған жергілікті кәсіпкер «ауғандықтардың» барлық мұқтаждықтарына көмектесуді мойнына алып отыр. 1979-1989 жылғы Ауғанстанда болған қарулы қақтығысқа мұнайлы өңірден 800-ге тарта жауынгер қатысса, оның қазір 335 ғана қалған. Басқосу барысында барлық жауынгерлерге ескерткіш медаль табысталды. Аталған шара жыл сайын жалғасады.

Қуаныш Дүйсенәлиев, Ауған соғысының ардагері:

– Бүгін қарулас, ардагер достарыммен кездесіп жатырмыз. Өте көңілді, қуаныш үстінде толқып тұрмын. Әрине, мұндай кездесулер мемлекеттің көмегінен бөлек осындай қорлардың көмегі үлкен әсерлі болып жатыр.