Словакияның Трнава қаласында «Slovakia Cup-2018» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алғашқы матында АҚШ футболшыларынан ойсырай ұтылған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) турнирдегі екінші ойында да жеңіліп қалды.

Бұл жолы Александр Кузнецов шәкірттері Чехиядан келген құрдастарына 2:0 есебімен есе жіберді.

Осылайша, жасөспірімдеріміз қатарынан екі ойын жеңілді. Әрі қарсыластар қақпасына гол соға алмауда.

«Slovakia Cup-2018» турниріндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

7 мамыр. АҚШ - Қазақстан - 8:0 (2:0)

8 мамыр. Чехия - Қазақстан 2:0

10 мамыр. Қазақстан - Украина