Футболдан биылғы маусымдағы Ресей чемпионы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей чемпионатының 29-турында мәскеуліктер «Зенит» клубын қабылдады.

Юрий Семин шәкірттеріне чемпионат аяқталуға бір тур қалғанда чемпион атану үшін тек жеңіс керек еді. «Локомотив» ойыншылары бұл тапсырманы орындай алды. Ойын аяқталуға санаулы минут қалғанда Эдер гол соғып командасына жеңіс әкелді. Бұл жеңістің арқасында «Локомотив» командасы Ресей чемпионы атанды.

«Локомотив» - «Зенит» 1:0 (0:0)Гол: Эдер 87.

«Локомотив»: Гильерме, Кверквелия, Чорлука (Пейчинович 46), Игнатьев, Рыбус, Игорь Денисов, Тарасов, Антон Миранчук (Эдер 79), Алексей Миранчук (Баринов 90+2), Фернандеш, Фарфан.

«Зенит»: Лодыгин, Кришито, Мевля, Жирков (Плетнев 69), Смольников (Полоз 81), Паредес, Краневиттер, Кузяев, Ерохин, Заболотный, Дриусси.

Ескерту алғандар: Дриусси 24, Игнатьев 25, Кузяев 55, Краневиттер 62, Паредес 67, Мевля 76.

«Локомотив» соңғы рет Ресей чемпионатында он төрт жыл бұрын чемпион болған. Ол кезде де команда бапкері Юрий Семин болатын.