«Челси» өзінің жартылай қорғаушысы Тьему Бакайоконы өзге клубқа сатуға дайын. Сатып алғысы келетіндер лондондық клубтың қазынасына 53 миллион еуро төлеуі тиіс.

Ойыншыға дортмундық «Боруссия» клубы қызығып отыр.

Тьему Бакайоко ағылшындық клубқа өткен жазда «Монако» клубынан ауысып келген болатын.

«Монако» клубы да ойыншыны қайтарып алудың жолдарын қарастыруда.