Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысты әдеттегідей еркін күрес шеберлері аяқтап, боз кілемде кім мықтыны анықтады. Биылғы ел чемпионатында күтпеген нәтижелер көп тіркелді. Оған қоса, бұл біріншіліктің ерекшелігі Джакартада өтетін Азия ойындарына іріктеу жарысы болып саналады. Сол себепті басты назар олимпиадалық (57, 65, 74, 86, 97, 125 кг ) салмақтарда болды десек артық айтпаған болармыз.