«Ливерпуль» клубының жасөспірімдерінің бапкері Стивен Джеррард ресми түрде «Рейнджерс» бапкері атанды.

Джеррард клубпен төрт жылдық келісімге отырды. Бұл туралы шотландиялық клубтың ресми сайты хабарлады.

«Мен үшін «Рейнджерс» командасының келесі бапкері атану үлкен мәртебе. Мен бұл клубтың тарихы мен дәстүріне үлкен құрметпен қараймын. Командамен бірге жұмыс істейтін күнді тағатсыздана күтемін. Себебі біз бірлесе отырып клубты бұрынғы деңгейіне қайта көтермекпіз», — деді Джеррард.