«Тоттенхэм Хотспур» командасының бас бапкері Маурисио Почеттино маусым соңында командадан кететіндігін айтқан «Арсенал» бапкері Арсен Венгер туралы ойын айтты.

«Арсенге жай алғыс айта салу аздық етеді. Оны жанкүйерлердің қалай жақсы көретіндігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Біз бір команданы жиырма екі жыл баптаған маман жайлы сөз қозғап отырмыз. Жеке пікірімді айтсам бұл 22 жыл табысқа толы кезең. Мен үшін Венгер футбол тарихындағы үздік бапкерлердің бірі», – дейді Почеттино.