Бірнеше салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс 5 мамырдағы Геннадий Головкин – Ванес Мартиросян жекпе-жегі туралы пікірін білдірді, деп жазады sputniknews.kz.

- Менің ойымша, GGG белбеуін 20-шы рет қорғайын деп отыр? Қарсыласы кім еді? Ванес Мартиросян? Бір кездері ол менің спарринг-серіктесім болды. Маған көмектесті. Әрине, қазіргі таңда ол менімен дайындалған кезбен салыстырғанда мүлде басқа деңгейде. Головкин 6-7 раундтарда жеңіске жетеді деп ойлаймын, - деді ол Villainfy Media-ға берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Головкин – Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Карсон-Ситидегі (Калифорния, АҚШ) Stubhub Center стадионында өтеді.