Хопкинс Головкин – Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады
![Хопкинс Головкин – Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_75eef70dfc025bb7760e5885dfaa7393.jpg?v=28642637)
Бірнеше салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс 5 мамырдағы Геннадий Головкин – Ванес Мартиросян жекпе-жегі туралы пікірін білдірді, деп жазады sputniknews.kz.
- Менің ойымша, GGG белбеуін 20-шы рет қорғайын деп отыр? Қарсыласы кім еді? Ванес Мартиросян? Бір кездері ол менің спарринг-серіктесім болды. Маған көмектесті. Әрине, қазіргі таңда ол менімен дайындалған кезбен салыстырғанда мүлде басқа деңгейде. Головкин 6-7 раундтарда жеңіске жетеді деп ойлаймын, - деді ол Villainfy Media-ға берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Головкин – Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Карсон-Ситидегі (Калифорния, АҚШ) Stubhub Center стадионында өтеді.