Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин есімі өзінің құрметіне қойылған мексикалық баламен суретке түсті.

«Таныс болыңыздар – бұл баланың да есімі Геннадий. Мексикалықтар да өз балаларының есімін біздің чемпионымыз GGG-дің құрметіне қоятын болған», - деп жазылған Головкиннің «Вконтактедегі» ресми тобында.

Ұлының есімін Геннадий қойған жас отбасы Головкин мен Ванес Мартиросянның баспасөз-мәслихатына арнайы келген.

Айта кетейік, WBA, IBF, WBC, IBO чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жектерде «мексикалық стильді» қолданатынын жиі айтады. Мексикада қазақстандық боксшының фанаттары өте көп.

Естеріңізге сала кетсек, бокс кеші 6 мамырда таңда өтеді.