WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның жекпе-жегін көрмейтінін айтты.
«Головкинмен шығатын әлгі жігіттің аты кім еді? Ұмытып қалдым. Айтпағым, бұл жекпе-жек ұзаққа созылмайды. Геннадий 36 жасында көп төбелескісі келмейді. Бұл жекпе-жек қызық емес, көрмеймін де», - деген сондерс.