«Бавария» мен «Реал» арасында өткен алғашқы ойында 2:1 есебімен испандық команда жеңіске жеткен.

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Реал» мен «Бавария» арасындағы қарымта кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Қос кездесу қортындысында Чемпиондар лигасының финалына «Реал» клубы шыққан.

Бұл испандық команда үшін соңғы үш жылдағы үшінші финал. Бұған дейінге екі финалда да мадридтік кманда жеңіске жеткен.

«Реалдың» финалдағы қарсыласы «Рома» мен «Ливерпуль» арасындағы кездесуде белгілі болады.

Естеріңізде болса бұл қос команда арасындағы алғашқы кездесуде 5:2 есебімен «Ливерпуль» жеңіске жеткен.

«Реал» - «Бавария» - 2:2 (1:1)

Голдар: Бензема 10, 47 — Киммих 3, Хамес Родригес 62.

Бірінші ойын 2:1

«Реал»: Навас, Рамос, Варан, Марсело, Модрич, Васкес, Асенсио (Начо 88), Ковачич (Каземиро 73), Кроос, Бензема (Бэйл 72), Роналду.

«Бавария»: Ульрайх, Хуммельс, Зюле, Алаба, Толиссо (Сандро Вагнер 75), Киммих, Хамес Родригес (Хави Мартинес 82), Алькантара, Рибери, Левандовски, Мюллер.

Ескерту алғандар: Модрич 62, Васкес 65, Варан 88, Каземиро 89.