Англия премьер лигасы аяқталуға жақын. «Манчестер Сити» бірнеше тур бұрын чемпион атанып қойған.

Өзге командалар әр түрлі мақсатқа қол жеткізу үшін талас жүргізіп жатыр. Кейбіреулері келесі маусымда жоғарғы лигада қалу үшін жанталасып жатса енді береулері алдағы маусымда Еурокубоктерге қатысу үшін тырысып жүр.

Бүгін кездесетін «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» соңғысының қатарында.

Былтырғы маусымда «Манчестер Юнайтед» үздік төрттік қатарына ене алмай қалғанымен Еуропа лигасында топ жарып Чемпиондар лигасына жолдама алған. Биыл дәл сол жолмен «Арсенал» жүргісі келеді.

Қалай болғанда да аталған екі команда арасындағы ойын қай кезде де жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырған.