«Бавария» командасының бұрынғы бапкері Карло Анчелотти Италия ұлттық құрамасын баптаудан бас тартты, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Басылымның мәліметінше келіссөз бірнеше күн жүрген. Алайда соңында Анчелотти бас тартқан.

Енді Италия құрамасын Роберто Манчини мен Клаудио Раньеридің бірі жаттықтыруы мүмкін.