Ұлыбритания құрамасы төртінші матчында Италиядан басым түсіп, әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобында көш бастады.

Британиялық команда Италияны 4:3 есебімен жеңіп, 9 ұпай жинады. Италия, Словения, Қазақстан мен Венгрия құрамалары 6 ұпайдан еншіледі. Польшада 3 ұпай бар.

28 сәуірде мына матчтар өтеді: Қазақстан – Польша, Словения – Италия, Венгрия – Ұлыбритания.