Венгрия елінде Әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы бүгін чемпионаттағы төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері бірінші дивизионының А тобындағы төртінші ойында Словения құрамасымен кездесіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан хоккейшілері бірінші кезеңде 2:2 есебімен тең ойнағанымен, соңғы екі кезеңде қарсыластарына 1:2, 0:1 есебімен есе жіберіп алды.
Әлем чемпионаты – 2018. А тобы, бірінші дивизион
Қазақстан – Словения – 3:5 (2:2, 1:2, 0:1)
Шайба соққандар:
0:1 – Верлич (Урбас, Голичич) 05:17
1:1 – Петухов (Асетов) 06:37
2:1 – Гренц (Метальников, Евдокимов) 10:48
2:2 – Урбас (Верлич, Голичич) 15:47
2:3 – Верлич (Маговац, Саболич) 27:28
2:4 – Ковачевич (Ограеншик, Подлипник) 37:50
3:4 – Асетов (Петухов, Полохов) 38:04
3:5 – Верлич 53:56
Қақпашылар: Карлссон (00:00-60:00) – Кросель (00:00-60:00)
27 сәуір. Будапешт. Ласло Паппа атындағы спорт сарайы. 1645 көрермен.
Естеріңізге сала кетейік, отандастарымыз Будапештте өткен алғашқы ойында алаң иелерін айқын басымдылықпен (0:3) ұтты. Ал одан кейін Ұлыбритания құрамасын 6:1 есебімен жеңді. Ал үшінші матчта Италия құрамасынан 3:0 есебімен ұтылған болатын.
Комментарии