Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов кезекті жекпе-жегін жақын арада өткізетін болды. Ол өз сөзінде: «Қазір жарақатымнан толық айығып, жекпе-жек өткізуге дайынмын. Fight Nights тұжырымынан хабар күтіп жүрмін. Бәлкім Дубайда өтетін Phoenix Fighting Championship турнирде өнер көрсететін шығармын. Жақын арада келісімшартқа қол қоямын. Алдағы айда сегізбұрышқа қайта ораламын деп ойлаймын», – деді Қуат.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (17-5-1) соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.