Бір қолы жоқ америкалық файтер Ник Ньюэлл UFC турнирінде дебютін өткізуі ықтимал. Спортшының менеджерлері промоушеннің өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр.

ESPN-нің инсайдерлік ақпаратына сүйенсек, Ньюэллдің дебютін UFC басшысы Дэна Уайттың өзі қалап отыр. Қос тарап әлі келісімге келген жоқ.

Қазіргі таңда Ник Ньюэлл аралас жекпе-жекте 15 кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана ұтылған.