Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің пікірінше, Геннадий Головкин оның клиентінен қашқақтап жүр.

«Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекте Билли Джо Сондерс британиялық боксшылардың өз елінен жырақтағы үздік кездесуін көрсетті деп ойлаймын. Оның өкінішіне қарай, бұл Геннадий Головкинді қорқытып жіберді. Ол бізбен жекпе-жек өткізуге жақын болған, бірақ қазір Головкин немесе Альварес Сондерспен жұдырықтасқысы келеді деп ойламаймын. Сондерске Мартин Мюррейді жеңіп, чемпионмен жұдырықтасу керек», - деді Уоррен.