Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық кәсіпқой боксы Генадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасындағы жекпе-жек жеңімпазына арналған арнайы белбеуді таныстырды, деп хабарлайды Qazsport телеарнасының ресми сайты. Таныстырылым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) штаб-пәтері орналасқан Мехико қаласында өтті. Белбеуді майя халықы тобының цельатли тайпасының шеберлері дайындап шыққан. Ол осы кеңестің құрылуына үлкен септігін тигізген Мексиканың бұрынғы президенті Адольфо Лопес Матеостың құрметіне жасалаған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жек 5 мамыр күні Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді.