1 мамыр күні Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» атағы үшін балуандар сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сында финалға шыққан қос балуан Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақстан барысы» турниріне қатысуға мүмкіндік алады.

Алматы қаласында танымал балуандар қатарында Руслан Әдбіразақов, Дәурен Нұралинов, Виктор Демьяненколар бар.

Естеріңізде болса өткен жылы «Алматы барысы» турнирін Руслан Әбдіразақов жеңіп алған болатын.