Әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығуы керек деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.

«Головкин Деревянченкомен жекпе-жекке шығуы керек. Бұл екі боксшы үшін тиімді болмақ. Мен Сергей мұндай мүмкіндікке ие болып, Геннадийге қарсы жекпе-жекке шықса қуанар едім. Бұл бизнес тұрғысынан қараған кезде тиімді деп айтпасам да, спорт үшін маңызды болмақ», - деді The Daily Express-ке берген сұхбатында Джейкобс.