Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегін қашан, қайта өткізетіні және қарсыласы кім болатыны белгілі болды, деп жазады отандық басылымдар.

Данияр Елеусінов өзінің алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасатын болады.

22 жастағы америкалық боксшы екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа жоспарланып отыр. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.